
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезекті отыз тоғызыншы сессиясы 2026 жылдың 28 қыркүйек күні сағат 12:00-де Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймыз.
Сессия қарауына енгізілген мәселелер:
- Аудан әкімінің, оған жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалу туралы;
- Келес ауданының экономика және қаржы бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Келес ауданының білім бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Келес ауданының қыс мерзіміне дайындығы туралы;
- Ақтөбе ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Бірлік ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Бірлесу ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Аудандық мәслихат
төрағасы Н.Шаулиев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-keles/press/news/details/1298999?lang=ru

Жауап қалдыру