
13-14 қыркүйекте Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары округ ветеринарымен бірге «ES Global Agro» ЖШС бақташыларымен және жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында серіктестік бақташыларына мал жаюдың бекітілген ережелері, жайылым учаскелерін ұтымды пайдалану және төрт түлікті қараусыз қалдырмау талаптары ескертілді. Ал ауыл халқымен өткен түсіндіру жұмыстарында мал ұрлығының алдын алу, төрт түлікті мезгілінде АЖИ жүйесіне есепке алу және жайылымдағы малды қашықтан бақылауға арналған заманауи GPS-трекерлерді орнатудың тиімділігі сөз болды. Қатысушыларға арнайы ақпараттық нұсқаулықтар таратылып, жайылым қауіпсіздігі бойынша жан-жақты түсініктеме берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/1298919?lang=ru

Жауап қалдыру