
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) Төрағасының 26.12.2025 жылғы № 1395 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша семинарларды өткізу жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 22 – 24 қыркүйек аралығында Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Кедендік әкімшілендіру департаментінің Валюталық бақылау басқармасымен бірлесіп «Ұлттық және (немесе) шетел валютасының репатрияциясын бақылау (экспорттық-импорттық валюталық бақылауды іске асыру рәсімдері, құжаттық тексерулер мен валюталық бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу тәртібі)» тақырыбына Polycom бейнеконференцбайланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – Smart Data Finance ақпараттық жүйесінің «Валюталық бақылау» модулін пайдалану ережелерін сақтау.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар тыңдаушылары үшін Polycom бейнеконференцбайланысы арқылы дәріс оқылды, дәріскерлер ретінде:
– Наурзбаев Жанибек Мергенбайулы – Комитеттің Кедендік әкімшілендіру департаменті Валюталық бақылау басқармасының бас сарапшысы;
– Бектурганов Ернур Ермуханович – Комитеттің Кедендік әкімшілендіру департаменті Валюталық бақылау басқармасының бас сарапшысы қатысты.
Семинарға қатысушылардың тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша 66 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификаттар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1298817?lang=ru

Жауап қалдыру