Новодолинский кенті әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылдың 24 қыркүйегінде Новодолинский кенті әкімінің аппараты қызметкерлері арасында: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.

Семинарда Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру пулы мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямовна спикер ретінде сөз сөйледі.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мәселелері қарастырылды.

 Мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.

«Новодолинский кенті әкімнің аппараты» ММ

бас маманы

Н. Гарварт

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/novodolinskiy-shahtinsk/press/news/details/1298783?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді