Округтік сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы Бейімбет Майлин  ауданы мәслихатының хабарламасы

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Округтік сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы Бейімбет Майлин  ауданы мәслихатының

ХАБАРЛАМАСЫ

№ 6 округтік сайлау комиссиясының сайлау комиссиясының мүшесін өз міндеттерінен босатылуына байланысты.

Саяси партияларға, өзге де қоғамдық бірлестіктерге, олардың құрылымдық бөлімшелеріне және жоғары тұрған сайлау комиссиясымен  2026 жылдың  09 қазанында   сағат 18.30-ға дейін, шығып қалған комиссия мүшесінің орнына сайлау комиссиясының құрамына кандидатураны  ұсыну ұсынылады.

   Мәслихатқа келесі құжаттарды ұсыну:

1) электрондық және қағаз форматтағы, бағдарламалық қамту арқылы құралған, белгіленген нысаны бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар туралы мәлімет;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) сәйкес сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді;

3)  саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4)  белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияның жұмысына қатысуына келісім туралы кандидаттың арызы.    

Құжаттар келесі мекенжай бойынша ұсынылсын: Әйет ауылы Тәуелсіздік көшесі, 60, № 53 кабинет. Анықтамалар үшін телефондар: 3-72-29; 4-90-31. 

Бейімбет Майлин  ауданының  мәслихаты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-beimbet-maylin/press/news/details/1298972?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді