«Қауіпсіздік – бәрінен маңызды»: студенттер төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерді үйренді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

 «Мирас» университетінде білім алушылардың төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға бағытталған практикалық тренинг өтті.

 «Қауіпсіздік – бәрінен маңызды: төтенше жағдайларға дайын болу» тақырыбындағы тренинг барысында білім алушыларға төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен алғашқы әрекет ету тәртібі түсіндірілді.

Іс-шараға Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қатысты.

Құтқарушылар қатысушыларға  төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, қауіпсіздік талаптарын сақтау және алғашқы көмек көрсетуге байланысты қажетті ақпарат беріп,  арнайы құрал-жабдықтарды таныстырды.  

Тәжірибе бөлімі барысында білім алушылар құтқару құралдарының қолданып  көріп,  төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл дағдыларын жетілдірді.

Іс-шара білім алушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға және қиын жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларын нығайтуға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1299114?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді