
Найроби, 2026 жылғы 25 қыркүйек. 2026 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Садықов Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының (KNCCI) Президенті д-р Эрик К. Руто, Ұлттық директоры және Экономикалық дипломатия мәселелері жөніндегі төрағасы Синтия Ньявира, сондай-ақ Азия өңірінің KNCCI төрағасы және өкілі Джоэл Черуйиот Суммен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Кения арасындағы сауда-экономикалық және іскерлік байланыстарды дамытудың перспективалары жөнінде пікір алмасу болды. Екі елдің іскер топтары өкілдері арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтуге, екіжақты B2B кездесулерін ұйымдастыруға және өзара тиімді бизнес-жобаларды дамытуға жәрдемдесуге ерекше назар аударылды.
Тараптар өзара бизнес мүдделері мен ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі, сауда, инвестициялар, көлік және логистика, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да салаларды талқылады.
Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшілігі мен KNCCI арасындағы одан әрі өзара іс-қимыл мәселелеріне, оның ішінде қазақстандық және кениялық компаниялар арасында байланыстар орнатуға жәрдемдесуге, нақты жобаларды ілгерілетуге және Кениядағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулы институтын дамытуға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар іскерлік байланыстарды жандандыруға және Қазақстан мен Кения арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендіктерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1299170?lang=ru

Жауап қалдыру