
15–17 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласындағы «TURAN-EL» спорт кешенінде 2006–2008 жылы туған жастар арасында аударыспақтан Қазақстан Республикасының XX чемпионаты өтті. Еліміздің 16 өңірінен 200-ге жуық спортшы қатысқан ел біріншілігінде ауданымыздың спортшылары жоғары шеберлік танытып, жүлделі орындарды иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша 57 келі салмақ дәрежесінде Ақсу-Аюлы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Елжас Ахметов күміс жүлдегер атанса, 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Алик Казаков қола жүлдені еншіледі.
Аудан абыройын асқақтатқан спортшыларымыз бен олардың бапкерлерін қол жеткізген жеңістерімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1299025?lang=ru

Жауап қалдыру