Сарыағашта тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын сақтау түсіндірілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Жылыту маусымында өрттің, улы газдан уланудың және балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындар арасында төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында кең көлемде түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, пештер мен жылыту құралдарын дұрыс пайдалану, сондай-ақ улы газдан сақтану шаралары түсіндірілді.

Мамандар азаматтарға жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмау, олардың техникалық жағдайын тұрақты бақылау және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар, балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау, терезелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кішкентай балалардың терезе маңына еркін шығуына жол бермеу жөнінде кеңестер берілді.

Алдын алу жұмыстарына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, газ инспекциясының мамандары және еріктілер қатысты. Олар тұрғындармен жеке кездесіп, қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ тиісті қызметтердің қатысуымен сап түзеу іс-шарасы өткізіліп, жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары, алдын алу жұмыстары және атқарылатын міндеттердің негізгі бағыттары пысықталды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу – ортақ міндет. Қауіпсіздік талаптарын сақтау және қарапайым сақтық шараларын орындау адам өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1298694?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді