«Таза Қазақстан»: Бірлік ауылдық округінде күзгі тазалық жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
12-15 қыркүйек аралығында Бірлік ауылдық округінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралар барысында әкімдік аумағында, орталық аллеяда және қоғамдық орындарда күзгі сарғайған жапырақтар, шөп пен қоқыс жиналып, ағаш бұтақтары кесілді және жиналған қалдықтар шығарылды. Аталған жұмыстар елді мекеннің тазалығы мен тәртібін сақтау, қоғамдық аумақтардың санитарлық жағдайын жақсарту және округ тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жүргізілді. «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасуда. Ол тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және туған өлкені абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырады.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/1298924?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді