«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРДАРАДА АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
24 қыркүйек күні Шардара қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті.
Акция барысында Шардара–Келес облыстық маңызы бар автомобиль жолының бойы қураған шөптерден және тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жиналған қоқыс арнайы техникалардың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды.
Тазалық жұмыстарына 1100-ге жуық азамат пен 10-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 30–40 тоннаға жуық қалдық шығарылды.
Іс-шараның басты мақсаты – елді мекеннің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету ғана емес, тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.
Тазалық – тек белгілі бір күнде атқарылатын жұмыс емес, ол әрбір азаматтың күнделікті мәдениеті мен туған жеріне деген жанашырлығының көрінісі. Қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты қорғау, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау – баршамызға ортақ міндет.
Туған жердің тазалығы мен көркейуі әр азаматтың белсенді ұстанымынан басталады. Өзіміз өмір сүретін ортаны таза ұстап, кейінгі ұрпаққа көрікті де таза мекен қалдыру – ортақ парыз.
Осындай ауқымды сенбіліктер мен экологиялық акциялар қоғамның бірлігін нығайтып, елді мекендерді абаттандыруға және қоршаған ортаға деген оң көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.
Тазалық бар жерде – тәртіп бар, тәртіп бар жерде – береке бар. Сондықтан туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық!
Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік, ортақ іс!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1298780?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді