Түркістан облысының құтқару автокөлігі қажетті жабдықтармен толықтырылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Түркістан облысының құтқару автокөлігі қажетті жабдықтармен толықтырылды

Toyota Hilux көлігі өрт сөндіру, медициналық көмек, жарықтандыру және арқанмен құтқару құралдарымен жарақтандырылды.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою басқармасына бекітілген Toyota Hilux жоғары өтімді автокөлігі құтқару құрал-саймандарымен толықтырылды.

Аталған автокөлік табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қиын рельефті, таулы және далалық аймақтарға жедел жетуге арналған. Жоғары өтімділігі оның түрлі жол жағдайларында, соның ішінде күрделі ауа райы кезінде де тиімді пайдаланылуына мүмкіндік береді.

Қызметтік автокөлікке өрт сөндірудің алғашқы құралдары, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған жиынтық, жарықтандыру прожекторлары, радиостанциялар, сондай-ақ альпинистік және арқанмен құтқару жабдықтары орналастырылды.

Қажетті жабдықтармен жарақтандырылған автокөлік құтқарушылардың төтенше жағдай орнына жедел жетуіне және авариялық-құтқару жұмыстарын тиімді жүргізуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар заманауи құралдардың болуы түрлі жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге және адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Өңірде құтқару техникасы мен жабдықтарын кезең-кезеңімен жаңарту және толықтыру жұмыстары жалғасуда. Бұл шаралар төтенше жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігін арттырып, облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/instructions/press/news/details/1298873?lang=ru