
Жәнібек ауылы село Жанибек
2026 жылғы 23 қыркүйек №59
Жәнібек аудандық мәслихатының
кезектен тыс 50 сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Жәнібек аудандық мәслихатының кезектен тыс 50-ші сессиясы 2026 жылдың 28 қыркүйек күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залына сағат 15 00 -ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілсін:
1. «Жәнібек аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.
2. Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-15 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Басқа да мәселелер.
Мәслихат төрағасының міндетін
уақытша атқарушы Б.Куаналиев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhanibek-maslihat/press/news/details/1298996?lang=ru

Жауап қалдыру