
Полицейлер соңғы уақытта саяжай учаскелерінде ұзақ уақыт болатын саяжай иелерінің саны азайып келе жатқанын атап өтті. Бұл ұрлық тәуекелін арттырады. Жыл басынан бері Петропавлдың саяжай қоғамдарында 15 ұрлық тіркеліп, оның 14-і ашылды. Негізінен ұрлықтар бірнеше рет жасалған қылмыстар сипатында болған. Оларға қатысы бар деген күдікпен жеті қала тұрғыны ұсталды.
Саяжай иелерінің мүлкін қорғау және қоғамдық қауіпсіздікке қатысты басқа да мәселелерді полицейлер саяжай қоғамдарының төрағаларымен талқылады. Кездесуге Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Әлібек Құжахметов төрағалық етті.
Полиция қызметтерінің басшылары интернет-алаяқтық пен есірткі қылмыстарының алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін де қозғады. Негізгі тақырып бөтен мүліктің ұрлануына жол бермеу болды.
Полицейлер төрағаларға түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, саяжай қоғамдарының техникалық қауіпсіздігін арттыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Саяжай аумақтарындағы күзетшілер мен басқарма мүшелері ғана емес, саяжай иелерінің өздері де бөгде адамдардың, бейтаныс көліктердің пайда болғаны туралы полицияға жедел хабарлауы маңызды.
Департаментке келген қонақтар саяжай қоғамдарының аумағында және оған іргелес жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру мәселелері бойынша да сұрақтар қойып, жол белгілерін орнатуды сұрады. Барлық ұсынысты бейінді қызметтер мұқият қарайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1299217?lang=ru

Жауап қалдыру