Жапонияның Аичи манифактурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде спорттық жүрістен 42,195 шақырым қашықтықты құрайтын марафонда Ясмина Тоқсанбаева топ жарды.
Отандасымыз жарыс барысында 3:22:20 уақыт көрсеткішімен үздік атанса, екінші және үшінші орын Қытай өкілдеріне бұйырды.
🥇🇰🇿Ясмина Тоқсанбаева – 3:22:22
🥈🇨🇳Данцзин Цюйцзун – 3:26:09
🥉🇨🇳Ли Ма – 3:32:26
Айта кетейік, бұл Қазақстан қоржынына түскен тоғызыншы алтын жүлде. Ал жеңіл атлетикадан осы Азиадада отандастарымыз 1 күміс, 2 қола жүлде иеленген болатын.
📸Арлан ОЛЖАБАЙ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1299356?lang=ru

Жауап қалдыру