№8 мекеме кәсіпкерлерге есігін ашты

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Департаментом уголовно-исполнительной системы по Актюбинской области организован «День открытых дверей» для представителей предпринимательского сообщества на базе учреждения №8. Основное внимание в рамках мероприятия было уделено вопросам создания новых производств и дополнительных рабочих мест для осуждённых.

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №8 мекеме базасында кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдеріне арналған «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Іс-шара барысында жаңа өндірістер ашу және сотталғандарға қосымша жұмыс орындарын құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазіргі таңда мекемеде 22 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Олар былғары бұйымдарын, брусчатка, жылу қаптамаларын, резеңке бұйымдарын, балық өнімдерін өндіру, сондай-ақ ателье қызметі сияқты түрлі бағыттарда жұмыс жүргізуде. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс орындарының саны 10-ға артқан.

Кәсіпкерлер мекеменің өндірістік аймағымен, қолданыстағы инфрақұрылымымен, сондай-ақ өндірістік нысандарды орналастыруға болатын жаңа ангарлық және модульдік ғимараттармен танысты. Өндірістік базаны дамыту аясында жаңа өндірістік цех пен саңырауқұлақ өсіруге арналған жылыжай да іске қосылды. Қатысушыларға өндірістерді орналастыру шарттары, мекемемен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктері және жаңа жобаларды жүзеге асыру перспективалары таныстырылды.

Кездесу барысында сотталғандарды еңбекпен қамту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Ресми жұмыс сотталғандарға кәсіби дағдылар мен еңбек тәжірибесін меңгеруге, жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде олардың босатылғаннан кейін жұмысқа орналасуы мен қоғамға бейімделуіне негіз бола алады.

Шағын және орта бизнес субъектілерін тарту бойынша жұмыс жалғасын табады. Негізгі мақсат — мекеменің өндірістік мүмкіндіктерін кеңейту, қосымша жұмыс орындарын құру және сотталғандардың еңбекпен қамтылу деңгейін арттыру.

Өткізілген «Ашық есік күні» ҚАЖ өкілдері мен бизнес субъектілері арасында сындарлы диалог орнатуға, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/1299768?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді