
Шортанды ауданының полиция қызметкерлері ауыз су сататын автоматтан ақша ұрлығын ашты.
Полицияға 1974 жылы туған жергілікті тұрғын жүгінді. Ол сағат 2:00-ден 5:00-ге дейін аралықта Дамса ауылындағы дүкендердің бірінің жанында белгісіз адам ауыз су сататын құрылғыны бұзып, ішіндегі ақшаны алып кеткенін хабарлады. Залал сомасы 80 мың теңгені құрады.
Бұл факт бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел-іздестіру іс – шаралары барысында полиция қызметкерлері 1978 жылы туған күдікті-жергілікті тұрғынды анықтады. Ер адам жасаған ісін мойындап, ұрланған ақшаны жұмсап қойғанын айтты.
Полицейлер атап өткендей, жүргізілген жұмыс пен қолда бар ақпаратты тексерудің арқасында ер адамның жеке басын анықтау мүмкін болды.
Құқық қорғау органдары кәсіпкерлерге өз мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қауіпсіздік камераларын орнатуға кеңес береді. Бұл оқиғаның мән-жайын тезірек анықтауға және күдіктіні табуға көмектеседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1299820?lang=ru

Жауап қалдыру