Астанада пәтерден 3,5 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

     Астанада полиция қызметкерлері пәтер ұрлығын ашты. Қылмыс салдарынан жәбірленушіге 3,5 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

     Анықталғандай, елорда тұрғыны үйінен шығар кезде пәтерінің кілтін есіктің сыртында қалдырып кеткен. Кейін үйіне оралған әйел пәтерінің ішінде бейтаныс ер адамды көрген.

     Әйел есікті қағып, ер адамнан пәтерден шығуын талап еткен. Сол кезде ер адам есікті ашып, пәтерден жүгіріп шығып, қашып кеткен. Әйел бірден полицияға хабарласқан. 

     Тергеу барысында пәтерден зергерлік бұйымдардың ұрланғаны анықталды. Атап айтқанда, төрт гауһар тасы бар алтын сақина, үш алтын алқа және үш жұп алтын сырға қолды болған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 3,5 миллион теңгеден асты. 

     Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол — бұған дейін осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған 25 жастағы ер адам. 

     Ұрланған мүлік тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. 

     Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1299815?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді