Атбасар ауданы әкімінің Еңбек күнімен құттықтауы

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

[10:10, 28.09.2026] Казахстан: жду перевод
[10:16, 28.09.2026] Майгуль: Құрметті атбасарлықтар!

Сіздерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын!Еңбек күні – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, туған өлкенің өркендеуіне және қоғамның әл-ауқатын арттыруға үлес қосып жүрген барша азаматтарды біріктіретін айтулы мереке. Кез келген жетістіктің негізінде жауапкершілік, кәсіби біліктілік, табандылық және өз ісіне деген адалдық жатыр. Осы орайда ауданымыздың дамуына еселі үлес қосып келе жатқан барлық еңбек адамдарына шынайы алғысымды білдіргім келеді. Ардақты еңбек ардагерлері!Сіздер ұзақ жылдар бойы адал еңбектеріңізбен қаламыздың қалыптасуы мен дамуына үлес қосып, мол тәжірибелеріңізді кейінгі ұрпаққа жеткіздіңіздер. Бүгінде өндіріс пен ауыл шаруашылығы, білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, кәсіпкерлік, қызмет көрсету және басқа да салаларда абыроймен еңбек етіп жүрген барша азаматтарға зор алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, еңбектеріңізге табыс және жаңа жетістіктер тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, кәсіби қызметтеріңізде толағай табыстарға жете беріңіздер. Әр шаңырақта бейбітшілік пен береке орнасын. Балаларымыз бақытты болып өсіп, туған өлкеміз – Атбасар ауданы одан әрі көркейіп, дамып, абаттана берсін!

Құрметті атбасарлықтар!

Сіздерді Еңбек күнімен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, тұрақтылық, бақ-береке және игілік тілеймін! Мереке құтты болсын!

Құрметпен,
Атбасар ауданының әкімі
Кенеш Ғалибекұлы Әлімжанов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar/press/news/details/1299619?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді