
2026 жылғы 25 қазанда Шахтинск қаласында ата-аналарға арналған мектептердегі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған қолдау көрсету кабинеттеріне экскурсия өткізілді.
Іс-шараның мақсаты–ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау мүмкіндіктерімен, сондай-ақ инклюзивті білім беру жағдайында оқуты, дамуты және әлеуметтік бейімдеу үшін жасалған жағдайлармен таныстыру. Экскурсияның басты назары-отбасы мен мектеп арасындағы өзара іс-қимыл және білім беру ұйымдары арасындағы сабақтастыққа бағытталып, іс-шараға ерекше білімді қажет ететін балардың ата-аналары мен балабақша, қосымша білім беру педагогтері қатысты.
Экскурсия ата-аналарға ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсету жағдайларымен танысуға, сұрақтарына жауап алуға және қолданылатын тәжірибелік әдістерді көруге мүмкіндік берді.
Шара барысында қатысушылар заманауи түзету және дамыту жабдықтарымен, оқу материалдарымен, сондай-ақ балалардың білім алуына, дамуы мен әлеуметтік бейімделуіне арналған жағдайлармен таныстырылды.
Мамандар психологиялық және педагогикалық қолдау бағыттарын айқындап, жабдықтарды іс жүзінде қолдану жолдарын көрсетті және ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.
Бұл шара әрбір бала үшін қолжетімді, жайлы әрі қолдауға негізделген білім беру ортасын қалыптастыру жолындағы тағы бір қадам болды.
Бірлесе отырып, әрбір бала білім алып, дамып, өз әлеуетін толық аша алатын орта қалыптастырамыз. Мұндай бастамалар мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ата-аналардың хабардарлығын арттырады және оқу процесінің әр кезеңінде баланы қолдаудың бірыңғай тәсілін қалыптастырады. Әрбір қолдау көрсету кабинеті бала үшін мүмкіндіктер, даму және сенімділік кеңістігіне айналады.
Экскурсияның қорытындысы ретінде ата-аналарға «Әрбір бала құқылы» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1299873?lang=ru

Жауап қалдыру