«Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегерлері анықталды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
 
2026 жылғы 24 қыркүйек күні Маңғыстау облысының педагогтерін көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу жөніндегі конкурстың құжаттарын іріктеу бойынша комиссия отырысы өтті.
 
Іс-шара барысында Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №95 қаулысымен бекітілген «Маңғыстау облысының педагогтерін көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы» критерийлеріне сәйкес үміткерлердің ұсынған құжаттары жан-жақты қаралды.
 
Комиссия мүшелерінің өткізген ашық дауыс беру нәтижесі бойынша тиісті қорытынды шығарылып, жеңімпаздар анықталды.
 
2026 жылғы «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі иегерлерінің тізімі.
 
1. Үздік әдістемені ұсынушы – Сармурзина Гулбану Оналбаевна – Ақтау қаласы, №13 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі;
 
2. Ұлттық дәстүрді үздік насихаттаушы – Енбаева Гулнара Жанболсыновна – Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко мектеп-лицейінің көркем еңбек пәні мұғалімі​;
​​​
​3. Үздік цифрлық технологияларды қолданушы – Ауелбаева Замзагул Жетеровна – Ақтау қаласы, Фариза Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі;
 
4. Орта білім беру ұйымдарының үздік дарынды балалар жетекшісі – Рубилова Акмаржан Айдаровна – Ақтау қаласы, Төлеген Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі;
​​
​5. Үздік жетістіктер шебері – Куанишов Оразбай Махсетулы – Ақтау қаласы, С. Қондыбай атындағы №22 жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі​;
​​
​6. Орта білім беру ұйымдарындағы үздік полиглот мұғалім – Бакаев Альбек Талгатулы – Ақтау қаласы, №30 жалпы білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі​;
​
7. Үздік сынып жетекшісі – Мынжанова Далухан – Ақтау қаласы, №31 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі;
 
8. Үздік қосымша білім беру мұғалімі – Байкубекова Азима Ордановна – Мұнайлы ауданы, Өнер балалар мектебінің домбыра пәнінің қосымша білім педагогі;
 
9. Мектепке дейінгі ұйымдардың үздік педагогі – Кобланова Алима Реджеповна – Ақтау қаласы, №46 Балбұлақ бөбекжайының әдіскері;
 
10. Үздік арнайы білім беру ұйымдарының педагогі – Жолдыбаева Гауһар Мұрақызы – Ақтау қаласы, Облыстық арнайы мектеп-интернатының дефектологі;
 
11. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының үздік арнайы пән оқытушысы – Абилшеева Айнагул Койшигуловна – Ақтау қаласы, Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы;
 
12. Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың үздік өндірістік оқыту шебері – Ерданова Гульзира Улыскызы – Қарақия ауданы, Қарақия кәсіптік колледжінің өндірістік оқыту шебері​.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/1299774?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді