
24 қыркүйек күні Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және адам құқықтарын қорғау тетіктері туралы ақпараттандыру мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев студенттерге «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелері, Уәкіл институтының қызметі және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері туралы айтып берді.
Сонымен қатар, Өкіл Уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының қызметімен таныстырып, Комиссияның жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және адам құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысына тоқталды.
Дөңгелек үстел барысында «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі АлиИслам Байхадам адам құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктері, оның ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қызметі және Ұлттық алдын алу тетігінің «Омбудсмен+» моделі туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, Комиссия мүшесі жастарды жеке қабылдап, көтерілген мәселелер бойынша құқықтық түсіндірмелер берді.
Іс-шара соңында студенттер адам құқықтарын қорғауға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1299862?lang=ru

Жауап қалдыру