ӨКІЛДІКТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
24 Қыркүйек күні Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қызылорда облысы бойынша өкілдігінде Ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында келген азаматтарға Өкілдіктің қызметі, негізгі жұмыс бағыттары мен күнделікті атқаратын жұмыстары таныстырылды. Қатысушылар Өкілдік кабинеттерін аралап, қызметкерлердің жұмыс барысымен танысты.
Сонымен қатар, келушілерге Өкілдік жұмысында қолданылатын ақпараттық жүйелер мен арнайы электрондық базалар көрсетіліп, олардың қызметтік міндеттерді орындаудағы маңызы түсіндірілді.
Ашық есік күні аясында қатысушылар Өкілдіктің қызметімен, оның жұмыс тәртібімен және адам құқықтарын қорғау бағытындағы практикалық жұмысымен жан-жақты танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1299854?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді