«ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАС ЛИЦЕЙЛІК!» АЛҒАШҚЫ ТАНЫСУ АЛАҢЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Жыланды ауылдық мәдениет үйінде 7–11 сыныптар арасында интернат тәрбиеленушілерінің өзара танысуына арналған «Қош келдің, жас лицейлік!» атты алғашқы танысу алаңы ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бір-бірімен жақынырақ танысуына, достық қарым-қатынас орнатуына және лицей өміріне белсенді араласуына ықпал ету.

Іс-шара барысында 7-сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, түрлі шығармашылық қойылымдар ұсынды. Шағын мерекелік концерт қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Алғашқы танысу алаңы» оқушылардың өзара танысып, достық қарым-қатынас қалыптастыруына, шығармашылық қабілеттерін танытуына және жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл күймен бастауына мүмкіндік берген мазмұнды шара болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1299770?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді