Рүстем Өтешов Ырғыз ауданының әкімі лауазымына тағайындалды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

 

Рүстем Баймырзаұлы Өтешов 1983 жылы Қызылорда облысының Арал ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары: 2004 ж. – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент», 2006 ж. – Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы Ақтөбе облыстық коммуналдық меншік басқармасының жетекші маманы болып бастаған.

2005 – 2006 жж. Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің жетекші, бас маманы; 2006 – 2011 жж. Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің кадр жұмысы және лицензиялау бөлімінің бас маманы, мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы болып жұмыс істеген.

2011 – 2014 жж. Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының бюджет шығыстарын бақылау бөлімінің бас маманы, №2 бюджет шығыстарын бақылау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

2014 – 2020 жж. Қызылорда облысы Арал ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.

2020 – 2022 жж. Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2022 – 2024 жж. Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті.

2024 жылдың қараша айынан бастап Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданының әкімі лауазымында болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1299871?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді