
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов атом саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
«Атом саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын!
Қаламызда Қазақстанның стратегиялық маңызы бар атом саласының өкілдері – уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндіретін, әлемге танымал кәсіпорындардың бірі – Үлбі металлургиялық зауытының қызметкерлері еңбек етеді. Зауыт өнімдері атом энергетикасымен қатар, электронды және металлургия өнеркәсібі мен басқа да салалардың қажеттіліктеріне пайдаланылады.
1997 жылдан бері зауыт «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ құрамына кіреді. Жақында халықаралық Fitch Ratings рейтинг агенттігі «Қазатомөнеркәсіптің» әлемдік уран нарығындағы көшбасшылық позициясын атап өтті.
Даңқты кәсіпорын – «ҮМЗ» АҚ қызметкерлеріне кәсіпорынның одан әрі өркендеуін, кәсіби жетістіктер, зор денсаулық және амандық тілеймін!
Құрметпен, Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Нұрымбет Сақтағанов».
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1299942?lang=ru

Жауап қалдыру