
ШҚО полицейлері «Жалған мемлекеттік нөмірлік белгі» рейдтік іс-шарасының қорытындысын шығарды
Шығыс Қазақстан облысында «Жалған мемлекеттік нөмірлік белгі» рейдтік іс-шарасы барысында 400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шара кезінде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалануға, сондай-ақ көлік құралдарын мемлекеттік нөмірсіз басқаруға қатысты заң бұзушылықтарды анықтап, жолын кесті.
Іс-шара барысында 930-дан астам көлік құралы тексеріліп, 400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде көлік құралын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен басқарудың 2 дерегі анықталды. Тағы 13 жүргізуші көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз басқарған.
Анықталған барлық факті бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
ШҚО Полиция департаменті жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға және көлік құралдарына тек заң талаптарына сәйкес берілген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалануға шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1299733?lang=ru

Жауап қалдыру