Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіту туралы хабарландыру

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ақмола облысының қаржы басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жобасын әзірледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметінде ашықтық және парасаттылық қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Заңнама талаптарына сәйкес жоба танысу және талқылау үшін орналастырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жобасы бойынша ұсыныстар мен ескертулер белгіленген тәртіппен қабылданады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жобасына байланысты мәселелер бойынша жергілікті бюджеттердің орындалуын жиынтық-талдау және ақпараттық жүйелер бөлімінің бас маманы Зинаида Агавердиевна Мещеряковаға 87162 25 30 48 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жобасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-karzhy/press/news/details/1299894?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді