
2026 жылғы 23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Койшинов «Мемлекеттік органдарда әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, кемсітушіліктің алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға «Антарес А» қоғамдық қорының психологы Байбусунов С.А. қатысып, кемсітушіліктің алдын алу, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру, жанжал жағдайларының алдын алу және өзара құрмет қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша баяндама жасады.
Семинар барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік органдарда кемсітушілікке жол бермеу мәселелері де қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша әріптестер арасындағы сыйластық қарым-қатынастың, әдеп нормаларын сақтаудың және ұжымда салауатты психологиялық ахуал қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1299710?lang=ru

Жауап қалдыру