Ұлытау облысының Әділет департаменті кәсіпкерлермен Бірыңғай есеп беру күніне қатысты 24 қыркүйекте «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында бақылау-қадағалау органдары мен бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен Бірыңғай есеп беру күні ұйымдастырылды.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ұлытау облысының Әділет департаменті кәсіпкерлермен Бірыңғай есеп беру күніне қатысты
24 қыркүйекте «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында бақылау-қадағалау органдары мен бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен Бірыңғай есеп беру күні ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ұлытау облысының Әділет департаментінің өкілі қатысты.
Кездесудің басты мақсаты — мемлекет пен кәсіпкерлер арасында тиімді диалог орната отырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ бизнес өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыру. Сондай-ақ, шара барысында халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында бизнес өкілдері тарапынан өзекті мәселелер көтеріліп, олар бойынша Әділет департаменті өкілдерінен толық түсініктемелер алынды. Мұндай форматтағы кездесулер мемлекеттік органдарға кәсіпкерлердің мәселелеріне құқықтық талдау жүргізіп, оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1299926?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді