
Әдеп талаптары – қызметтік міндетті тиімді атқарудың негізі.
Осы мақсатта Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылдың ІІІ тоқсанына арналған үлгілік жұмыс жоспарының орындалуы бойынша бүгін Департамент басшысының орынбасары – Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Төлендиев Мұрат Сағынұлы Департамент қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізіп, мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылық факторларына қатысты және сыбайлас жемқорлықтың алын-алу бойынша заңдылықтарға түсіндірме жүргізді.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау, қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы орындау, әріптестермен және азаматтармен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Мұрат Сағынұлы мемлекеттік қызметші қызметтік тәртіпті сақтап, мүдделер қақтығысына жол бермеуі, сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне қарсы болуы қажет. Қоғамдық орындарда және әлеуметтік желілерде де оның мінез-құлқы әдеп талаптарына сай болуы тиіс екендігін шегелеп өтті.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер үшін әдептілік, жауапкершілік, адалдық және кәсібилік негізгі қағидаттардың бірі екенін атап өтті.
Қызметтік әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшінің кәсіби мәдениеті мен жауапкершілігінің маңызды көрсеткіші.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1300754?lang=ru

Жауап қалдыру