
Қойбағар ауылдық округінде әкім аппаратының бас маманы алкоголь және темекі өнімдерін сату кезінде заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша дүкен иелерімен және сатушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізді.
Әңгімелесу барысында кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатуға жол берілмейтіні, сондай-ақ алкоголь өнімдерін заңнамада белгіленген уақытта ғана сату қажеттігі түсіндірілді. Сатушыларға белгіленген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы түсіндірме берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karasy-koibagar/press/news/details/1300733?lang=ru

Жауап қалдыру