2026 жылғы 23 қыркүйекте «QazEcoDan» ЖШС-нің астық және майлы дақылдарды қабылдау, тазалау, кептіру және сақтауға арналған заманауи кешен болып табылатын инвестициялық жобасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жобаға 5 млрд теңгеден астам инвестиция салынып, 40-тан астам жаңа жұмыс орны құрылды.
Салтанатты ашылу рәсіміне өңір әкімі Шыңғыс Арынов және облыс прокуроры Берік Адамов қатысты.
Қадағалау органының басшысы жобаның бастапқы кезеңдерінде прокуратура «QazEcoDan» ЖШС-не мемлекеттен 9 гектар жер учаскесін алуға жәрдем көрсеткенін атап өтті. Әкімдік пен прокуратураның бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Бүгінде осы жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз – кешеннің құрылысы аяқталып, жоба іске асыру кезеңіне шықты.
Ол сондай-ақ ағымдағы жылы прокурорлар 44 инвесторға қатысты 34 мәселені шешкенін атап өтті. Аталған жобаларға салынған инвестиция көлемі 1,4 трлн теңгені құрап, 12 мың жаңа жұмыс орнын құру көзделген.
Прокурорлардың жәрдемдесуімен жалпы сомасы 42 млрд теңге болатын инвестиция көлемі және шамамен 1 000 жаңа жұмыс орны көзделген 4 жоба сәтті іске қосылды. Олардың қатарында «QazEcoDan» ЖШС-нің жобасы да бар.
Сөз соңында Берік Адамов «QazEcoDan» ЖШС-не жобаның сәтті іске қосылуын, тұрақты жұмыс істеуін және өндіріс көлемін одан әрі кеңейтуді тіледі. Сондай-ақ прокуратура инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде сүйемелдеуді жалғастыратынын жеткізді.
Алматы облысының прокуратурасы құқықтарының бұзылуына немесе әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7-708-525-50-81 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1300762?lang=ru

Жауап қалдыру