Ақтөбедегі саяжай аумағында көкнәр мен қарасора өсімдіктерін өсірген тұрғын ұсталды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

     Ақтөбеде “Қарасора – 2026” іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері саяжайлардың бірінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады.

     Саяжай аумағын тексеру барысында 53 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі учаскеден 61 түп көкнәр және 12 түп қарасора табылды.

     Сонымен қатар кептірілген қарасора өсімдігінің бөліктері мен аумақта өсіп тұрған бірнеше түп қарасора табылып, белгіленген тәртіппен тәркіленді.

     Тексеру барысында учаске иесінің аталған өсімдіктерді күтіп-баптап, суарып отырғаны белгілі болды.

     Полиция қызметкерлері анықталған факті бойынша қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізіп, тиісті материалдар жинақтады.

     Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаныңбарлық мән-жайы анықталуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1300192?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді