Астанада мас жүргізуші ұсталды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Астана қаласында «Мас жүргізуші – қылмыскер!» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар рейдтік шаралар жүргізуде.
Рейд барысында Күйші Дина көшесінің бойында «Volkswagen» маркалы автокөлік тоқтатылды. Тексеру кезінде 52 жастағы жүргізушінің көлікті алкогольдік мас күйде басқарғаны анықталды. Медициналық куәландыру нәтижесі бұл деректі растады.
Аталған факті бойынша құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сот шешіміне жіберілді, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Өткен демалыс күндері полиция қызметкерлері көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқарудың 20-ға жуық дерегін анықтады.
Астана қаласының Полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірі мен өзгенің өміріне қауіп төндірмеуге шақырады. Жолдағы тәртіп – ортақ қауіпсіздіктің кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1300700?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді