Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы 15 мыңнан астам баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» идеологемасын және «Қауіпсіз өңір» жобасын іске асыру аясында Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жалпы білім беретін ұйымдарға іргелес аумақтардың жарықтандырылу жағдайына мониторинг жүргізді.

Аталған жұмысты жүргізуге, оның ішінде, мектептер маңындағы жекелеген учаскелерді қосымша жарықтандыру қажеттілігі туралы тұрғындардың өтініштері негіз болды.

Мониторинг нәтижесінде жарықтандырылмаған немесе жарықтандыру деңгейі жеткіліксіз учаскелер анықталды. Бұл жағдай қараңғы уақытта балалардың қауіпсіздігіне қосымша қауіп төндірген.

Қаладағы әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлердің қолдауымен 17 мектептің маңындағы жарықтандырылмаған учаскелер толықтай жарықтандырылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде оқушылардың білім беру ұйымдарына бару және үйлеріне қайту кезінде қауіпсіз жүріп-тұру жағдайлары жақсарды. Осылайша, 15 мыңнан астам кәмелетке толмаған баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қамтамасыз етілді.

Балалар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету бағытындағы прокуратура жұмысы жалғасуда және тұрақты бақылауда.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1300154?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді