Дөңгелек үстел өткізу

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде басшы Г.Х. Манабаеваның төрағалығымен «Зейнетақы даулары бойынша әкімшілік істерді қарау практикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Б.Е. Мұстафин, судья К.А. Масимова, Петропавл қаласының №2 соты төрағасының міндетін атқарушы А.А. Сердалина, судья Б.Б. Жусупова, сондай-ақ департамент басшысының орынбасары  Е.У. Сугурова, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы  Б.К. Қожагулова, бас маман С.Т. Қусаинова қатысты.

Дөңгелек үстел барысында зейнетақы төлемдерін тағайындауға, еңбек өтілін белгілеуге байланысты әкімшілік және азаматтық істерді қарау практикасы, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы қолдану кезінде туындайтын проблемалық мәселелер қаралды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар даулы мәселелер бойынша пікір алмастырып, қалыптасқан сот практикасын талқылады.

Осындай іс-шараларды өткізу департамент мамандарының құқықтық сауаттылығын арттыруға, тәжірибе алмасуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын қолданудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1300598?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді