Экологиялық таза орта қалыптастыру

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Әділет органдары қызметкерлері күні қарсаңында және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 200-ге жуық адам Қостанай ауданындағы жаңа ЭКО-саябақтың аумағын абаттандыруға қатысты.

Акцияға Департамент қызметкерлерімен бірге Қостанай облыстық адвокаттар алқасының, «Заңгер» Қостанай облыстық заң консультанттары палатасының, облыстық заң консультанттары палатасының, Қостанай облыстық жеке сот орындаушылары палатасының, Қостанай облыстық нотариаттық палатасының, Қостанай облысы бойынша сот сараптамасы институтының, ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Қостанай облысы бойынша өкілдері мен төрағалары қосылды.

Күш біріктірген қатысушылар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және абаттандыруға өз үлестерін қосып, жайлы әрі экологиялық таза орта қалыптастыру жолында тағы бір қадам жасады.

«Таза Қазақстан» – бұл жай ғана экологиялық акция емес, табиғатты аялау, тазалық пен туған қаламыздың болашағына қамқорлық жасау сияқты ортақ мақсат төңірегінде адамдарды біріктіретін маңызды бастама.

Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1300552?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді