
Электрондық шот-фактуралар жүйесінде цифрлық таңбалауды, отынның түрлі-түсті бояуын және жеке виртуалды қойманы енгізу шаруалардың жеңілдетілген дизельді тұтынуының нақты төмендегенін көрсетті. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев баяндады.
«2024 жылы мұнай өнімдерінің қозғалысын цифрландыру бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 2023 жылмен салыстырғанда бөлінген көлемдер шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің нақты тұтынуы 729 мың тоннадан 602 мың тоннаға дейін, яғни 127 мың тоннаға немесе 21 %-ға төмендеді. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Министрлік Шымкент мұнай өңдеу зауытында өндірілетін ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне арналған дизель отынын таңбалау жөніндегі пилоттық жобасын жүзеге асыруда. Пилоттық жобаны жүзеге асыру мерзімі – 2026 жылғы 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін»,
— деді энергетика вице-министрі. @KZgovernment
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1300749?lang=ru

Жауап қалдыру