
Павлодар облысы Ақсу қаласында «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында «Күзгі Асар» қалалық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
«Күзгі шеберхана» тақырыбындағы жәрмеңкеге мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, педагогтер мен ата-аналар белсенді қатысты.
Жәрмеңке – жай ғана қолөнер көрмесі емес, бала, ата-ана және педагогтің бірлескен еңбегін көрсететін шығармашылық алаңға айналды. Қатысушылар күзгі табиғаттың сыйларын пайдалана отырып, түрлі ерекше композициялар мен қолөнер бұйымдарын дайындады.
Әр жұмыстың артында баланың қиялы мен еңбегі, ата-ананың қолдауы және педагогтің шығармашылық идеясы жатыр. Осындай бірлескен жұмыстар балаларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа және шығармашылыққа баулиды.
ЖӘРМЕҢКЕ ҚОРЫТЫНДЫСЫ:
І орын
Мамельяеова Ирада — Ақжол орта мектебі
Сайдакова Марианна — «Ақсу» қаласының №10 сәбилер бақшасы
ІІ орын
Ердосова Милана — Лицей мектебі
Москаль Ростислав — Лицей мектебі
Кашкынбаева Мадина — Қалқаман орта мектебі
Баяхтарова Лия — «Ақсу» қаласының №24 сәбилер бақшасы
ІІІ орын
Малахов Тимур — Б. Момышұлы атындағы орта мектеп
Перницкий Ислам — Ю. Гагарин атындағы орта мектеп
Киргизбаева Адэль — Ю. Гагарин атындағы орта мектеп
Барит Ильяс — «Ақсу» қаласының №14 сәбилер бақшасы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбекке баулу – балаға жауапкершілік пен шығармашылықты қатар үйретудің маңызды жолы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1300705?lang=ru

Жауап қалдыру