
2026 жылғы 28 қыркүйекте Мемлекеттік еңбек инспекторы А.Г. Закерьянов Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп “Севиль Жар“ ЖШС-де еңбек ұжымымен ақпараттық–түсіндіру кездесуін өткізді.
Іс-шара барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негізгі нормалары, еңбек құқықтарын сақтау және қорғау мәселелері, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы талаптар түсіндірілді.
Өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, қауіпсіздік талаптарын сақтау және өндірістік жарақаттану кезіндегі қызметкерлердің іс-әрекеттеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулерді өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1300683?lang=ru

Жауап қалдыру