КЕЛЕС АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 39 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезекті отыз тоғызыншы сессиясы болып өтті. Сессияға мәслихат төрағасы Н.Шаулиев төрағалық етті. Халық қалаулылары бас қосқан алқалы жиынға аудан әкімі Ж.Агибаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер қаралды:

  1. Аудан әкімінің, оған жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалу туралы;
  2. Келес ауданының экономика және қаржы бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  3. Келес ауданының білім бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  4. Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  5. Келес ауданының қыс мерзіміне дайындығы туралы;
  6. Ақтөбе ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  7. Бірлік ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  8. Бірлесу ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  9. 2025 жылға арналған Келес аудандық бюджетінің орындалуы туралы;
  10. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы мақұлдаған Келес ауданы бойынша 2025 жылғы Келес ауданының бюджетінің атқарылуы туралы;
  11. Келес ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы;
  12. Келес аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №32-236-VIII «Келес ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  13. Кәмелетке жасы толмағандардың істері жөніндегі комиссияның бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  14. Келес аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №31-223-VIII «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  15. Келес аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 қарашасындағы №6-43-VI «Жер комиссиясын құрудың кейбір мәселелері туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізу туралы.
  16. Келес аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 шілдедегі №1-6-VI «Келес аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Жалпы, сессия жұмысында аталған мәселе бойынша шешім бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-keles/press/news/details/1300376?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді