
2026 жылғы 28 қыркүйекте облыс прокуратурасының ресми Instagram-парақшасында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде тікелей эфир өтті.
Эфир барысында прокуратура өкілдері қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың, Жәбірленушілерге өтемақы қорының өзекті мәселелерін, қылмыстық құқық бұзушылықтардың профилактикасын, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылды, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды, сондай-ақ прокуратура және құқық қорғау органдарының қызметін талқылады.
Заңнаманы түсіндіруге, азаматтардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша практикалық шараларға ерекше назар аударылды.
Тікелей эфирге басқарма бастығы С.К. Аскаров, басқарма бастығының орынбасары Д.М. Базарбаев, облыс прокурорының көмекшілері А.В. Мячина мен Р.С. Тастанбеков, басқарманың аға прокуроры А.А. Аманбаев қатысты.
Облыс прокуратурасы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту жөніндегі жұмысты жалғастырады.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1300450?lang=ru

Жауап қалдыру