Оралда заңсыз граффитиге қарсы профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

     Орал қаласында граффитилердің алдын алу және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді.

     Іс-шараға Орал қаласындағы “Жайық жастары” бірлестігінің 20-дан астам жас қыз-жігіттері мен Орал қалалық полиция басқармасы табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері қатысты.

     Қатысушылар қала аумағындағы екі үлкен ауданды аралап, тұрғын үйлердің қабырғаларына бірқатар заңсыз граффити жазбасын анықтап, оларды жою жұмыстарын жүргізді.

     Полиция қызметкерлері осы аумақтағы тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу жұмысы өз нәтижесін берді. Бұл шараға сол аумақта қыдырып жүрген студенттер де өз еріктерімен қатысып, заңсыз жазуды жоюға атсалысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1300599?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді