
Лиссабон, 2026 жылғы 28 қыркүйек – Қазақстанның Португалиядағы елшісі Жан Ғалиев Португалия Премьер-Министрінің Дипломатиялық кеңесшісі Элдер Жоанамен кездесті. Қазақстандық дипломат португал тарабына елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.
Прагматизм рухында дипломаттар сауда-экономикалық, технологиялық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударды. Тараптар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы мен туризмді өзара тиімді серіктестік үшін перспективалы салалар ретінде атап өтті.
Елші Ж. Ғалиев Қазақстанның Португалия үшін тек табиғи ресурстарға бай нарық қана емес, сонымен қатар Еуропа мен Орталық Азия арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік беретін маңызды серіктес бола алатынын атап өтті. Осы ретте Қазақстанның дамып келе жатқан көлік-транзиттік және логистикалық инфрақұрылымы Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы сауда бағыттарын байланыстыратын маңызды буын ретінде қарастырылды.
Кездесуде 2027 жылы Қазақстан мен Португалия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуына орай екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібі де талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/1300531?lang=ru

Жауап қалдыру