
Қарғалы ауданы әкімінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі өкіміне сәйкес, Даулов Берік Кубайдоллаұлы Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Даулов Берик 1989 жылғы 27 наурызда дүниеге келген. Білімі жоғары. 2010 жылы – Қ.Жұбанов атындағы университетте «Қаржы» мамандығы бойынша және 2019 жылы – Қазақ-орыс халықаралық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2010 жылы Ақтөбе қаласы бойынша Салық басқармасында Жастар тәжірибесімен стажер болып бастаған. 2015 жылы Ақтөбе қаласының білім бөлімі ММ-де есеп және есеп жүргізу секторының бас маманы, бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2021–2024 жылдары Ақтөбе облысы бойынша Соттар әкімшісі соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы;
2024–2026 жылдары ҚР Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік істер агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы болып жұмыс атқарды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1300620?lang=ru

Жауап қалдыру