Қарғалы ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтің төрағалығымен Қарғалы ауданында Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссияларының ІІІ тоқсандағы бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша: ішкі саясат бөлімінің, аудандық аурухана, квазимемлекеттік сектор басшыларының және Ащылысай, Кемпірсай, Степной ауылдық округтері әкімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы, Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру бойынша: жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстар, алаяқтық қылмыстарының алдын алу, адам өлтіру қылмысымен күрес мәселелері және «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша, сонымен қатар, Ащылысай, Кемпірсай, Степной ауылдық округтері әкімдерінің құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан шаралары туралы тыңдалып, талқыланды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар мен бірқатар ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1300659?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді