Қауіпсіздік – әр адамға қолжетімді!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Өңірде мүгедектігі бар адамдардың, оның ішінде көру қабілеті бұзылған азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтық қорғаныс басқармасы және Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының қызметкерлері Облыстық көру қабілеті төмен және зағип азаматтарға арналған орталыққа барды. Іс-шара барысында азаматтарға түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері мен алдын алу шаралары, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету алгоритмі түсіндірілді. Эвакуациялау тәртібіне, қауіпсіз қозғалысқа, навигацияны пайдалануға және төтенше жағдай кезінде көру қабілеті бұзылған азаматтарға көмек көрсету ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды. Мамандар төтенше жағдай кезінде сабыр сақтаудың, қауіпсіздік талаптарын сақтаудың және өзара көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1300035?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді