Қазақстанда барлық азаматтың құқықтары мен мүмкіндіктерін тең қамтамасыз етуге, қоғам өміріне толыққанды араласуына жағдай жасауға бағытталған заманауи инклюзивті саясат жүйесі қалыптасып келеді.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
🇰🇿 Қазақстанда барлық азаматтың құқықтары мен мүмкіндіктерін тең қамтамасыз етуге, қоғам өміріне толыққанды араласуына жағдай жасауға бағытталған заманауи инклюзивті саясат жүйесі қалыптасып келеді.
Қазақстан Республикасының 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында 13 негізгі бағыт бойынша 52 шараны қамтитын жоспар жүзеге асырылуда.
Бұл жұмыс қолжетімді орта қалыптастыру, инклюзивті білім беруді дамыту, жұмыспен қамтуға қолдау көрсету, әлеуметтік және құқықтық қорғау, медициналық әрі кәсіби оңалту сияқты көптеген бағытты қамтиды.
Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауға да ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтардың қоғамдық, экономикалық және әлеуметтік өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау көзделген.
Жоспардағы шаралардың басым бөлігі өңірлерде жүзеге асырылады. Бұл әр аймақтағы азаматтардың нақты қажеттіліктерін ескеріп, соған сәйкес қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Инклюзивті саясаттың жүзеге асырылуы туралы ақпаратты азаматтар тұрғылықты жері бойынша әкімдіктен ала алады. Сондай-ақ өз құқықтарын қорғау және қажетті қызметтерді алу мәселелері бойынша да сол жерге жүгіне алады.
▶️ Инклюзивті саясат аясында не өзгереді және азаматтарға қандай жаңа мүмкіндіктер беріледі? Бұл туралы толығырақ бейнематериалымыздан көріңіздер.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1300702?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді