Қоғамдық мүлікті қорғау – ортақ міндет

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласында қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және вандализмнің алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Жуырда «Қызылтас-Тасбақа» экопаркінде қоғамдық орынды ластау, орындықтарды бүлдіріп, от жағу дерегі тіркелді. Полиция мұндай әрекеттер үшін заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Қоғамдық орындарды ластау, мүлікті бүлдіру және абаттандыру қағидаларын бұзу айыппұл салуға, қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғуы мүмкін. Тұрғындар мен қала қонақтарын табиғатқа және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға шақырамыз. Қаланың тазалығы мен қоғамдық мүліктің сақталуы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Заң мен тәртіп – әркімнің жауапкершілігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1300374?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді